Ақтөбе облысында өгей әкесінен қорлық көрген оқушы қыз тағы да зорланған
Фото: Massaget.kz
Ақтөбе облысының Темір ауданында өгей әкесі зорлық көрсеткен 15 жастағы оқушы тағы да жыныстық зорлыққа ұшырағаны белгілі болды. Жасөспірім мән-жайды мектеп психологтарына айтып берген, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі Orda.kz-ке сілтеме жасап.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: «Күдікті – өгей әкесі»: Ақтөбе облысында 9-сынып оқушысы босанып қалды
Ақтөбе облысында қайын атасы келінін зорлаған сұмдық жағдай болды
Оқиғаның мән-жайы
Оқиға Ақтөбе облысының Темір ауданына қарасты ауылдардың бірінде болған. Оқушы бұл туралы мектеп психологтарымен әңгімелесу кезінде баяндаған.
Оқиғаны мектептің психологы жеке жұмыс барысында анықтап, 12 қараша күні бөлімге хабарлады. Ал оқиға тамыз айында, яғни демалыс кезінде болған, – деп түсіндіреді Темір аудандық білім бөлімі.
Полиция мәлімдемесі
Қазіргі уақытта полиция кәмелетке толмаған адаммен жыныстық қатынасқа түсу фактісі бойынша тергеп-тексеру жүргізіп жатыр. Ресми мәлімет бойынша, күдікті анықталды.
Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр. Күдікті полиция бөліміне жеткізілді. Тергеп-тексеру барысында қойылған уәждер жан-жақты қаралып, сондай-ақ оқиғаға қатысы бар немесе ол туралы мәліметі болуы мүмкін тұлғалардан жауап алынып жатыр, деп хабарлайды облыстық ПД-нің баспасөз қызметі.
Бұл оқушының жыныстық зорлыққа ұшырауы бірінші рет емес. Бұған дейін жасөспірімге өгей әкесі қорлық көрсетті деп айыпталып, сот өтті. Өгей әкесі ҚК-тің 124-бабы 3-бөлігі «Он алты жасқа толмаған адамдарды азғындық жолға түсіру» бойынша кінәлі деп танылып, 12 жылға бас бостандығынан айырылған.
Пікірлер (0)