Бір адамның туған күнін емес, астана күнін тойлаймыз – Тоғжанов

Редакция таңдауы
view 222
news

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов елорда күні мен қаланың бұрынғы атауын қайтару мәселелері жөнінде пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Үкімет кулуарында Премьер-Министр орынбасарына «Астана күні мерекелерін бөлу мәселесі көтерілді ме?» деген сұрақ қойылды. «Еш мәселе көтеріліп отырған жоқ. Жыл сайын Нұр-Сұлтан қаласының туған күнін қалай тойладық, солай өтеді. Өздеріңіз білесіздер, бізде көптеген шаралар жоспарланған. Олар іс жүзінде 1 шілдеден бастап жоспарлы түрде өтіп келеді. Мысалы Домбыра күні, Қазақ барысы елорда күніне арналған еді. 1-8 шілде аралығындағы шаралардың бәрі Астана күні аясында өтеді», – деді Е. Тоғжанов тілшілерге берген сұхбатында. Сонымен бірге Е. Тоғжановқа экс-президенттің туған күні туралы да сұрақ қойылды. «Біз бір адамның туған күнін емес, Астана күнін тойлаймыз», – деп жауап берді ол. Одан бөлек, «Елорданың ескі атауын қайтару үшін не істеу керек?» деген сұраққа спикер «Әзірге бұған еш негіз көріп тұрған жоқпын» деп жауап берді. Айта кетейік, биыл Нұр-Сұлтанда астана күніне отшашу болмайтыны да айтылды.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *