Қарақалпақстанда қан төгілді (ВИДЕО)

Редакция таңдауы
view 243
news

Қарақалпақ республикасының астанасы Нөкіс қаласында түсірілген фото, видеолар әлеуметтік желілерде тарай бастады. Онда алаңға жиналған қарақалпақтарды тарату үшін әскерилер көзден жас ағызатын құралдар қолданып жатқаны және жараланған адамдарды байқауға болады. Тіпті қайтыс болған адамдардың мәйіті көрініс берген. Айта кетейік, қарақалпақстандықтардың талабы: Қарақалпақстанның  конституциялық статусын өзгертпеу және алаңға шыққан наразылардың ішінде «Азаттық» деген ұран да айтылып жатқаны естілді. Кейбір бейресми деректерге сүйенсек, 9 адам қайтыс болған. Алайда қанша адам жараланы және қанша адам қайтыс болғаны туралы нақты ресми ақпарат шықпады. Кеше Қарақалпақ республикасының астанасы Нөкіс қаласына арнайы барған Өзбекстан президенті Ш.Мирзиеев Қарақалпақстанның статусы өзгермейтін айтқан болатын. «Бас жарылып, көз шығып, қан төгілді. Бұл қос бауыр ұлт арасындағы қатынасқа сызат түсіріп, ұзаққа созылған салқындық тудыратын сияқты. Бұл қарақалпақ ұлтының ұйыса түсуіне де әкелетін процесске жол ашады. Өйткені психология заңдылығына сенсек қайғы мен қуаныш ұлтты біріктіре түседі», дейді блоггер Асхан Қасенғали. IMG_4112 Ақпарат тағы да толықтырылады! Фото-видеолар https://t.me/paranoiakz арнасынан алынды.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *