Бір палаталы Парламент құру бастамасын талқылауға бір жыл уақыт керек - Тоқаев

Жолдау
view 59
news

Фотосурет: akorda.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев кезекті Жолдауында бір палаталы Парламент құру туралы бастама көтеріп, Сенатқа қатысты ойын нақты айтты, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

Баршаңызға мәлім, мен Сенатқа он жыл басшылық еттім. Бұл жұмысты қашанда зор мәртебе әрі үлкен жауапкершілік деп санадым. Сондықтан маған осы мінберден парламенттік реформа туралы айту оңай емес. Соған қарамастан мен дәл бүгін елімізде көп ұзамай бір палаталы Парламент құру туралы бастама көтергім келеді. Бірден айтайын, бұл – өте маңызды мәселе. Оны асығыс іске асыруға болмайды. Бұл реформа азаматтық секторда, сарапшылар ортасында, сондай-ақ, әрине, қазіргі Парламентте жан-жақты талқылануы қажет. Реформаның мән-маңызы айрықша екенін ескерсек, оны талқылауға бір жыл уақыт керек деп ойлаймын, - деді президент.

Содан кейін, яғни 2027 жылы жалпыұлттық референдум өткізуге болатынын да атап өтты. Конституцияға сонда ғана тиісті өзгеріс енгізуге мүмкіндік бар.

Мен мемлекеттің тағдырын айқындайтын барлық мәселе халықтың келісімімен ғана шешіледі деп бұған дейін бірнеше рет айттым. Егер бір палаталы Парламент құру қажет деген ортақ шешімге келсек, ондай Парламентті тек қана партиялық тізім бойынша сайлаған жөн деп санаймын, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *