Партиялардың бәсекелі тартысқа дайындалуына әлі уақыт бар

Жолдау
view 56
news

Фотосурет: akorda.kz

Президент Жолдауда Мәжілістің қазіргі құрамы барлық заңдық рәсімдер аяқталғанша өз ісімен айналыса беретінін мәлім етті, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

Бұл ретте Сенат та жалпыұлттық референдумның қорытындысы шығып, жаңа Парламент сайлауы өткенге дейін алаңсыз жұмыс істейді. Ал саяси партиялардың бәсекелі тартысқа дайындалуына уақыты болады.

Әрине, заңды сұрақ туындауы мүмкін: Президент Парламенттік реформа жасау қажеттігі туралы неге соншалықты ерте жариялап жатыр, әйтпесе, саяси технологияның қағидасына сәйкес мұндай шаралар тосыннан, күтпеген жерден жасалады емес пе? Бірақ осыған дейін де айттым, тағы да қайталап айтамын: мен еліміздің және халқымыздың тағдырына қатысты қандай да бір мәселеге келгенде тек қана ашық саясат жүргізу керек деп санаймын, мұндай ауқымды реформаны қоғамнан құпия ұстауға болмайды деп есептеймін, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сол себепті ол осындай тағдырлы мәселелер бойынша халықпен ашық сұхбат жүргізу қажеттігіне тоқталды.

Сонда ғана бәріміз бір ел болып, әділетті және қуатты Қазақстанды құру жолында тағы бір маңызды қадам жасаймыз, - деді мемлекет басшысы.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *