Бір үйдің бес баласы өрттен көз жұмды: 2011, 2016, 2018, 2019, 2022, 2023 жылы туған
Сурет: Ашық дереккөзден
Өрт басталғанда үйде 2011, 2016, 2018, 2019, 2022, 2023 жылы туған алты бала ата-анасының қарауынсыз отырған.
Бүгін, 11 қазан күні таңғы сағат 04.29-да Қостанай облысы Жітіқара қаласында жеке тұрғын үйден өрт шығып, үйдің шатыры опырылып түскен. Үйде ата-анасының қарауынсыз қалған бес бала қаза тапты, – деп хабарлайды janabastau.kz.
«Құтқарушылар оқиға орнына 7 минут ішінде жеткенше, үй толығымен отқа оранған, шатыры ортасына опырылып түскен. Өрт сөндірушілер өртті таңғы сағат 06:08-де сөндірген. Тілсіз жау басталғанда үйде 2011, 2016, 2018, 2019, 2022, 2023 жылы туған алты бала ата-анасының қарауынсыз отырған. Өкінішке қарай, үйінділердің астынан бес баланың денесі табылды. Балалардың үлкені, 2011 жылы туған бала ғана аман, зардап шекпеген», - деп хабарлады Қостанай облысының ТЖД баспасөз қызметі.
Алдын ала мәлімет бойынша, балалардың анасы кешкісін құрбысына кеткен, ал жұбайы түрмеде отыр.
Пікірлер (0)