Бірлік пен әралуандық – Қазақстанның басты жетістігі
Сурет: Ашық дереккөзден
Қазақстанның ең үлкен жетістіктерінің бірі – түрлі ұлт өкілдерінің бірлікте, тату-тәтті өмір сүруі. Бұл – жай ғана ұран емес, күнделікті өмірде көз жеткізетін шындық. Бұл туралы Қосшы қаласы Жастар ресурстық орталығының директоры Мөлдір Дүйсембаева айтты, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.
Оның сөзінше, көшеде де, жұмыста да, мерекелік шараларда да түрлі этностар өкілдері бір-бірімен иық тірестіріп, ортақ мақсат үшін еңбек етіп жүр.
– «Әралуандық – бұл бөліну емес, бұл – байлық. Әр ұлттың өз дәстүрі мен дүниетанымы бар. Сол ерекшеліктердің тоғысуы қоғамымызды мазмұнды әрі жан-жақты етіп отыр. Мұндай үйлесімділік кездейсоқ пайда болған жоқ, ол сан жылдар бойы қалыптасқан өзара сыйластық пен түсіністіктің жемісі», – деді ол.
Мөлдір Дүйсембаеваның айтуынша, «Бірлігіміз – әралуандықта» деген қағида – Қазақстанның шынайы болмысын айқындайды.
– «Осы ұстанымнан айнымай, барлығымыз бірге ел болашағы үшін еңбек етсек, Қазақстанның келешегі бұдан да жарқын болады», – деп сенім білдірді ол.
Пікірлер (0)