Ұлттың байлығы – бірлікте: ортақ мерекелер татулықты нығайтады

Жаңалықтар
view 35
news

Сурет: Ашық дереккөзден

Әр ұлттың өзіне тән әдет-ғұрпы мен өнері бар. Ал осы байлықтың бір елде тоғысуы – шексіз мүмкіндік. Бұл туралы Қосшы Жастар ресурстық орталығының маманы Лаура Тарғынова айтты, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

Оның айтуынша, Қазақстандағы этностардың мәдениет пен дәстүрді бірге дәріптеуі ұрпаққа өнеге болып, қоғамды жақындастыра түседі.
– «Мысалы, Наурыз мерекесінде hepіміз бірге киіз үй тігіп, көже ішеміз. Жаңа жылда шырша жанында би билейміз. Басқа мерекелерде түрлі ұлттың әнін, биін, тағамын тамашалаймыз. Осындай ортақ қуаныштар адамдарды бір-біріне жақындатады», – деді ол.

Лаура Тарғынованың айтуынша, бала кезден әртүрлі мәдениетке куә болып өскен ұрпақ өзгеге құрметпен қарайды, кең ойлы болып қалыптасады. Бұл – ұлтаралық татулықтың ең мықты кепілі.

Сонымен бірге маман елдегі мәдени көптүрлілік пен этносаралық келісім Қазақстанның басты құндылығы екенін атап өтті. Бірлік пен өзара сыйластық қоғамды тұрақты дамуға жетелейтінін де қосты.

 

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *