"Бишімбаевтың ісін көріп отырып, қатты ауыр күйге түстім”: “Меломан” тобының әншісі Ғабит Бибасыұлының экс әйелі тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшырағанын айтты

Жаңалықтар
view 543
news

Сурет: ашық дереккөзден

“Меломен” тобының әншісі Ғабит Бибасыұлынан “тұрмыстағы зорлық-зомбылыққа ұшырап, соққы көргендіктен ажырасып кеттім” деді блогер келіншек. Ол осы күнге дейін жасырған ақпаратты жайып салды,-деп хабарлайды Janabastau.kz.

Нұрила Ақберен журналист Анна Данченкоға сұхбат беріп, алты жылдық отбасылық өмірінің қалай өткенін айтып берді. 

“Алты жарым жылдай бірге өмір сүрдік. Бізге ешкім араласқан жоқ. Ажырасу менің шешімім болды. Екі адамның бірі осы ойға бекінсе, оған үшінші адамның қатысы жоқ. Қазір әйел құқығы қатты қорғалып жатыр. Осыған мен қатты қуаныштымын. Бес жыл үйде отырдым. Бес жыл таяқ жеп өмір сүрдім. Осы аралықта керемет тамақ істеп, үй шаруасымен айналыстым. Бірақ ата-енемен бірге тұрмағандықтан, қандай келін екеніме баға бермей-ақ қояйын. Үш баламен ажырасып, екі жылдан бері бөлек тұрып жатырмын. Ажырасқаннан кейін, балаларға алимент те сұрамадым. Ол кісі тек балабақшасын ғана төлейді. Біздің ортақ келісіміз осы болған. Одан кейін мүмкіндігінше ақшасы артық қалып жатса беріп тұрады. Өзім еңбекке ерте араласқандықтан, қаржылай тәуелсіз болдым. Декретте отырғандықтан табыс табуды үйреніп алдым. Ақшам болғасын, алиментке басымды ауыртқым келмейді. Соңғы кезде “алиментке беремін-ау” деген ой келіп жүр. Ауызекі келісім ештеңені шешпейді екен. Бәрін заң жүзінде болғанын қалаймын”, – деді Нұрила Ақберен. 

Сонымен қатар тұрмыста болған жылдарда күйеуінің қол көтергенін де жасырмады. 

“Мен жеке парақшама шындықты жаза бастағанда ол кісінің туысқандары маған ренжіді. “Елге танымал өнер адамының атына күйе жақтың” деп айыптады. Сол кезде менің намысым мен арымды ешкім ойлаған жоқ. Бәрі балалы болғаннан кейін басталды. Мен жалған үмітпен өмір сүрдім. Адам өзгереді, отбасылық өмір осындай кезеңдерден тұруы керек деп қате түсінік таныттым. Бишімбаевтың ісін көріп отырып, қатты ауыр күйге түстім. Өйткені ешқашан өліп қаламын деп ойламайды екенсің. Соңғы кездегі соққыдан кейін, “мүгедек болып қалмаймын ба, менің кетуім керек” деген ой келді. Шапалақпен ұрдым дегенінің өзі – үш жұдырық. Соны түсіну керек”, – дейді блогер. 

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *