Тоқаев органикалық өнім өндірісі туралы заңға қол қойды
            
            Жаңалықтар
            
                
                503
            
        
        Сурет: Ақорда
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Органикалық өнім өндірісі және айналымы туралы" заңға қол қойды,- деп хабарлайды Janabastau.kz.
Заң табиғи ресурстарды сақтауға және оларды ұтымды пайдалануға, сондай-ақ дұрыс тамақтану дағдысын қалыптастырып, органикалық өнім нарығын дамытуға бағытталған.
Заңға бірқатар жаңа ереже енгізілген:
- заңда органикалық өнім өндірісі мен айналымы саласындағы ұлттық заңнаманың мақсаттары мен міндеттері қайта қаралған;
 - органикалық өнім өндірушілердің аясы кеңейтілген. Яғни, олардың қатарына жеке және заңды тұлғалардан бөлек, органикалық өнім өндірумен айналысатын бірлестіктерді (жай серіктестіктерді) жатқызуға болады;
 - заңда органикалық өнім өндіруге көшу шарттары қарастырылған және оның өндірісіне, таңбалануына және айналымына қатысты талаптар бекітілген;
 - органикалық өнім өндірісі саласындағы халықаралық тәжірибелер мен стандарттарға сәйкестендіру мақсатында өндірілген өнімнің сапасы үшін ерікті қатысу, ішкі бақылау, сондай-ақ ұжымдық жауапкершілік қағидаттарына негізделген бірлескен кепілдіктер жүйесін (PGS) құру және оның жұмысы жөніндегі ережелер қамтылған.
 
Пікірлер (0)