Биыл қанша түлек мектеп бітіреді

Редакция таңдауы
view 192
news

Қазақстанда 172 мың түлек мектеп бітіреді, оның ішінде 6,8 мың оқушы -  «Алтын белгіге» үміткер, деп хабарлайды janabastau.kz. Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Үкімет отырысы барысында айтты. «Биыл Қазақстан мектептерінде 3,7 млн астам оқушы оқу жылын аяқтайды. 11-сыныпты – 172 мың түлек бітіреді, оның ішінде 6,8 мың түлек «Алтын белгіге» үміткер», деді министр Үкімет отырысында. Оқу жылының аяқталуы бойынша салтанатты шараны 1 маусымда – Балаларды қорғау күнін мерекелеу аясында өткізу жоспарланған. Аттестаттарды салтанатты табыстау рәсімі 20-22 маусым аралығында өтеді. Сондай-ақ қорытынды емтихандар 9-сыныптарда 2-13 маусым аралығында, ал 11-сынып түлектері үшін 5-19 маусым аралығында өтеді.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *