Биыл жарты миллионнан астам оқушы орны пайдалануға беріледі

Жаңалықтар
view 59
news

Биылғы жылы 500 мыңнан астам орынға арналған 302 мектеп салу жоспарлануда,-деп хабарлайды janabastau.kz. ҚР Оқу-ағарту министрлігі апатты, үш ауысымды мектептердің мәселесін шешу мақсатында жүйелі жұмыстар жүргізуде.

«Жаңа оқушы орындарын пайдалануға беру түрлі қаржыландыру көздері есебінен жүзеге асырылатын болады. «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы бойынша 217 мектеп, Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорының есебінен 25 жоба, сондай-ақ жергілікті бюджет және жеке инвестицияларды тарту арқылы 60 мектеп салынады», - дейді Инфрақұрылымды дамыту департаментінің басқарма басшысы Жайық Махсутов.

Сонымен қатар мемлекет жыл сайын мектептерді салуға және жаңғыртуға қаражат бөліп келеді. Тек соңғы үш жылда 477 мың орындық 791 мектеп пайдалануға берілді.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *