Биылдан бастап мемлекеттік қызметкерлердің табысы ресми сайтта жарияланады
Сурет: © Sputnik / Абзал Калиев
Ол аталған талап жемқорлықпен күресті күшейту мақсатында енгізілгенін жеткізді, деп хабарлайды janabastau.kz inbusiness.kz -ке сілтеме жасап.
Яғни, мемлекеттік қызметкерлердің табыс декларациясы биылдан бастап жариялануы тиіс. Вице-министрдің сөзінше, 2023 жылға арналған декларациялар әр мемлекеттік органның ресми сайтына шығады. Бұл қадам арқылы мемлекеттік қызметтегі ашықтықты көрсетуге болады.
– Әр органның сайтында тиісті бөлім жасалады, онда мемлекеттік қызметкерлердің табыс және мүлік туралы мәліметтері көрсетіледі. Биыл тек 2023 жылғы декларациялар жарияланады, – деп жауап берген Д.Кеңбейіл.
Декларациялардың ашық болуы мемлекеттік қызметкерлердің табысы мен шығынын бақылау, заңбұзушылықтардың алдын алу үшін енгізіліп отыр. Сондай-ақ, бұл тәсіл арқылы азаматтар мемлекеттік органдардың жұмысын бақылай алады.
Пікірлер (0)