Атыраудағы оқиға: Министрлік мәлімдеме жасады

Жаңалықтар
view 62
news

Ulysmedia коллажы

Оқу-ағарту министрлігі 9 жастағы қыздан "жынды шығарып" жатқандардың видеосына байланысты мәлімдеме таратты, деп хабарлайды janabastau.kz Ulysmedia.kz -ке сілтеме жасап.

МИНИСТРЛІК НЕ ДЕЙДІ

Оқиға Атырау облысында болған.

Мұндай оқиғаға мүлде жол беруге болмайды. ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті бұл жағдайды өз бақылауына алды. Қазіргі уақытта балаға оқиғаның салдарын барынша азайту мақсатында кәсіби психологиялық көмек көрсетілуде, – дейді министрлік.

Оқиға орнында балалар құқықтары жөніндегі өңірлік уәкіл жұмыс істеп жатыр. 

Баланың денсаулығы мен әл-ауқатына қауіп төндіретін кез келген мұндай әрекеттерге жол берілмейтінін атап өту маңызды. Министрлік Қазақстанда балалардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ететін заңдар мен нормаларды сақтау қажеттігін еске салады, – деп ескертті ведомство.

Әлеуметтік желіде тараған видео қызу талқыға түсті. Видеода жерде қолы байлаулы жатқан қызды екі адам ұстап тұрғанын көруге болады. Балаға 19 жастағы Ләззаттың "аруағы" кіріп кетіпті-міс.

Өзін емшімін деп атайтын Кейқуат Оспанов сұрақ қойып, оған бала емес, қыздың бойына кіріп алған "жын" жауап беріп жатқанына сенімді.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *