«Біз шынайы ойнадық»: Мбаппе «Қайратқа» қарсы матч туралы айтты
Фотосурет: pressball.by
«Реалдың» басты жұлдызы Килиан Мбаппе «Қайратқа» қарсы ойыннан алған әсерін жеткізді, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.
Франциялық шабуылшы QazSport арнасына берген пікірінде матч жөніндегі өз ойын білдірді.

«Қайратты» жеңген біз сондай бақыттымыз. Оңай ойын болған жоқ. Біз шынайы ойнадық және Мадридке жеңіспен қайтып бара жатқанымызға қуаныштымыз, - деді Килиан Мбаппе.
Айта кетсек, кездесудің 25-минутында «Қайрат» командасының қақпасына пенальти белгіленіп, 11 метрліктен 10-нөмірдегі Мбаппе гол соқты. Осылайша, корольдік клуб есепте алға шықты. Мұнан соң таблодағы есеп екінші таймда өзгерді. «Реалдың» үздігі Киллиан 52-минутта дубль авторы атанды. Ойынның 58-минутында Мбаппенің тамаша мүмкіндігі болған. Алайда қақпа алдында білгенінен жаңылды. Дегенмен қырағы шабуылшы 74-минутта хет-трик жасап, есепті еселей түсті.
Қонақтар мұнымен тоқтап қалмады. Кезекті шабуылдарының бірін Камавинга голға айналдырды. Франциялық ойыншы 83-минутта кездесудегі 4-голды өз атына жазды. Ал Браим Дияс ойынның нүктесін қойды.
Өкінішке қарай, Орталық стадиондағы 22 788 жанкүйер жиналған ойында алаң иелері 0:5 есебімен қарсылас командаға жол берді.
Пікірлер (0)