Блогерлер өз портреттерін іліп кеткен: Лувр музейінен тағы да дау шықты
Фото: AP Photo/Thomas Padilla
Париждегі Лувр мұражайының қауіпсіздік жүйесіне қатысты тағы бір даулы жағдай тіркелді. Екі бельгиялық блогер әлемдегі ең қорғалған музейлердің бірінде күзеттен жасырын өтіп, залдарға өз портреттерін іліп кеткен, деп хабарлайды BMFTV-ға сілтеме жасаған JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: Парижде әйгілі Лувр мұражайын 7 минутта тонап кетті (ВИДЕО)
Павел Дуров Луврдан ұрланған әшекейлерді сатып алуға ниетті екенін айтты
Мұражайға қарапайым келуші ретінде кірген Нил және Сенн есімді блогерлер арнайы дайындалған Lego-құрастырмалы рамканы бақылаудан өткізіп, өз картиналарын музейге алып кірген. Жақтауды қажет кезінде тез жинап, қайта бөлшектеуге болатындықтан, ол қауіпсіздік тексерісінен байқалмай өткен.
Леонардо да Винчидің атақты «Мона Лизасы» орналасқан Мемлекеттер залында олар өз портреттерін венециялық шеберлердің XVI ғасырдағы туындыларының арасына іліп қойған. Кейін бірнеше естелік суретке түсіп, мұражайдан еш кедергісіз шығып кеткен.
ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ: Париж прокуратурасы Луврдағы ұрлықты кім ұйымдастырғанын айтты
Ең қызығы — бұл «жәдігер» келесі күні де қабырғадан алынбай, келушілердің көз алдында тұрғаны белгілі болды.
Францияда Луврда жуырда болған ұрлықтан кейін қауіпсіздік мәселесі ерекше назарда тұрғаны белгілі.
Оқиғаға қатысты тергеу жалғасып жатыр.
Пікірлер (0)