Блогерлердің жарнама үшін қанша миллион ақша алатындары белгілі болды

Жаңалықтар
view 603
news

Сурет: Ашық дереккөзден

Музыкалық блогер Ғалымжан Сәңкібаев блогерлердің бір жарнама үшін қанша ақша алатындарын жариялады, деп хабарлайды janabastau.kz  Caravan.kz медиа порталына сілтеме жасап.

Бұл туралы ол Instagram-дағы парақшасында хабарлаған.

Блогер Мөлдір Қожатай инстаграмындағы stories-де бір жарнаманы жасауы үшін 200 мың теңге сұраса, Ақерке Арыс 300 мың теңге сұрайды.

Блогер Сабиркин бір жарнама үшін 1 миллион 600 миллион теңге сұрайды, ал Дәмелі 400 мың теңге.

”Әсел Асқар. Оның жарнама үшін сұрайтын ақысы сіздерді өте қатты таң қалдыруы мүмкін. Оның бір сторисін 200 мыңнан астам қарайды. Оның бір сторисіндегі жарнама 4 миллион тұрады, ал бір посты болса 9 миллион теңге тұрады”, — деді блогер.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *