«Бос уақытымда ойнаймын»: Бектенов GTA-ға ұқсас отандық ойынды қолдауға шақырды
Жаңалықтар
213
Сурет: Ашық дереккөзден
Премьер-министр Олжас Бектенов әріптестерін бос уақытында IT-мамандар ойлап тапқан отандық ойынды ойнауға шақырды, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ Skifnews.kz -ке сілтеме жасап.
Бүгін Үкімет отырысында IT саласының мамандары GTA-ға ұқсас отандық ойынды таныстырды.
Стартапшының айтуынша, ойын AppStore және Google Play-ден жүктеп алуға қолжетімді.
Премьер-министр ойынды жүктеп алып, бос уақытында ойнайтынын айтты.
«Жүктеп аламын, бос уақытымда ойнап көремін. Егер ойын ойнасақ, отандық ойынды таңдайық. Мен барлығын осыған үндеймін. Білемін, біздің жас әріптестеріміз де ойнайды», - деді ол.
Пікірлер (0)