Қонақ үй өртеніп, 10 адам қаза тапты
Жаңалықтар
304
Сурет ашық дереккөзден алынды
Түркияның Болу провинциясындағы Карталкая тау шаңғысы курортында 7 қабатты қонақ үй өртеніп, 10 адам қайтыс болды, деп хабарлады janabastau.kz.
Өрт кезінде жоғары қабаттан секірген, түтінге тұншыққан 32 адам ауруханаға жеткізілді.
Жергілікті уақытпен түнгі сағат 03:00 шамасында қонақ үйдің бірінші қабатындағы мейрамханада басталған өрт аз уақытта жоғары қабаттарға жеткен. Алдын ала мәлімет бойынша қонақ үйде 300-дей адам болған.
Пікірлер (0)