Антрактидада бозғылт қанды мұзбалықтар теңіз түбіне 60 млн-дай ұя салған

Жаңалықтар
view 131
news

Фотосурет: PS124, AWI OFOBS командасынан

Зерттеушілер Антарктидадағы Уэдделла теңізінің мұздай суларынан Жер бетіндегі ең үлкен балық қорын тапты. Бұл ретте Фильхнер мұз қайраңының түбінде антарктикалық мұзбалықтардың уылдырық шашқан ұясы туралы айтылып отыр, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат порталы.

Осы бір тың жаңалықпен Альфред Вегенер институты (AWI) бөлісті. Жаңа дүние ғалымдарды таң қалдырып, аталған түрдің сақталуына қатысты қобалжу да тудырды. Климаттың өзгерісі, балық аулау қызметі және адамның араласуы аталған нәзік экожүйеге қауіп төндіруі мүмкін.

Антарктикалық мұз балықтар (Сhannichthyidae тұқымдасы) басқа омыртқалыларға ұқсамайды. Құрамында гемоглобин жоқ бозғылт қанға ие. Олар Антарктиканың суық, оттегіге бай суларында еріген оттегінің арқасында өмір сүреді. Басқалай болғанда бұл балықтар тіршілік ете алмас еді. 

Қанның ерекше химиялық құрамынан бөлек, мұзды балықтар антифризді ақуыздарды бөліп шығарады және метаболикалық қажеттіліктері төмен. Бұл олардың Жер бетіндегі ең қатал әрі суық ортаның бірінде бейімделе өмір сүруіне мүмкіндік береді.

2022 жылы Polarstern ғылыми-зерттеу кемесінің экспедициясы кезінде ғалымдар осы бірегей балықтардың ұясын құжаттау үшін мұхит түбін бақылау жүйесі мен батиметрияны (ofobs) пайдаланды.

Ені шамамен 75 сантиметр болатын әрбір дөңгелек ұяда оны күзететін ересек түр және жұмыртқа тобы болды. Ауданы 45 600 шаршы метр учаскеге 16 мыңнан аса ұя салынған. Зерттеушілер тобы жалпы алғанда, колонияда 240 шаршы шақырым аумақта шамамен 60 миллион ұя болуы мүмкін деп есептейді.

Жаңалықтың тың әрі маңызды болғанына қарамастан, бұл аймақ қорғалмаған күйінде қалып отыр. Сондықтан 2016 жылдан бастап Уэдделла теңізін теңіз қорығы деп жариялау туралы ұсыныс қарастырылып келеді.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *