Рамзан Қадыров Украинаның Ресей округі болғанын қалайды
Жаңалықтар
92
Фотосурет: lenta.ru
Шешенстан Республикасының басшысы Рамзан Қадыров «Украина Ресейдің өңірі немесе округі болғанда ғана бейбітшілік орнайтынын» мәлімдеді, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі РИА Новостиге сілтеме жасап.
Рамзан Қадыров аталған басылымға берген сұхбатында Украинадағы әскери әрекеттерді тоқтатуды жақтамайтынын айтты. Оның пікірінше, қазіргі жағдайда соғыс қимылдарын доғару Ресей үшін тиімсіз.

Жалпы, мен қазір майдандағы жағдайға байланысты әскери әрекеттерді тоқтатуды жақтамаймын. Қазір бізге соғысты тоқтату тиімсіз деп есептеймін. Шекараларымыздағы бейбітшілік тек Украина Ресейдің өңірі немесе округі болғанда ғана орнауы мүмкін, – деді Шешенстан басшысы.
Пікірлер (0)