Бүгін ауа райы қандай болады?

Жаңалықтар
view 86
news

 29 ақпан күні Қазақстанның 10 облысында ауа райына байланысты ескерту жариялады,   деп хабарлайды janabastau.kz "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап. Ұлытау облысының солтүстігінде тұман; Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында тұман; Атырау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі деп күтілуде. Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі. Шығыстан жел соғады, облыстың тау асуларында күші 15-20 м/с болады. Қызылорда облысында жел солтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, күндіз облыстың орталығында күші 15-20 м/с болады. Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі. Ақмола облысының батысында тұман. Қостанай облысының оңтүстігінде тұман. Жетісу облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл ауданында екпіні 15-20, күндіз кей уақыттарда секундына 25 метрге жетеді. Абай облысының солтүстігінде, орталығында, оңтүстігінде жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, күші – 15-20 м/с, күндіз Жарма ауданында екпіні – 23 м/с.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *