«ҚОСШЫ ДЕГЕН ҚАЛА БАР САРЫАРҚАДА...»

Редакция таңдауы
view 125
news

Республика күніне орай 24 қазанда Қосшы қаласында ақындар айтысы өтті

Айтысқа еліміздің Астана, Ақтөбе, Көкшетау, Арқалық, Қосшы қалалары мен Ақмола облысының Ерейментау, Целиноград аудандарынан он ақын қатысты. Олар- Алдабергенов Данияр, Нартай Тілеуқұл, Ерлан Дәулет, Берденбек Мырзабек, Құсайын Дінжан, Нұртілеу Төленбек, Батыржан Кәдірбай, Тоба Өтепбаев, Таңжарық Ержан және Бергенбек Азатбек. Қосшы қаласы әкімінің орынбасары Берген Жумкей құттықтау сөз сөйлеп, ақындарға сәттілік тіледі. Айтыстың демеушілері жеке кәсіпкерлер, мәдениет жанашырлары Өтегенова Шолпан Ғажайыпқызы, Кенжалина Салтанат Жұманазарқызы және Кәкімжанов Дидар Бөлтірікұлы. Айтысқа ақын, күйші, публицист, қазақ әдебиеті мен мәдениетінің жанашыры, «Қарымжы», «Қайран дәурен», «Сауға» кітаптарының авторы Кәдірхан Қизатұлы, ақын, жазушы, "Абай жолы”, “Міржақып. Оян қазақ!”, “Ахмет. Ұлт ұстазы” телехикаяларының сценаристі Ұларбек Нұрғалымұлы және қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық «Jańa bastau» газетінің редакторы Дәулетқали Асауов төрелік жасады. Айтысты ақын, "Айтыс ақындары мен жыршы, термешілердің халықаралық Одағының" атқарушы директоры Еркебұлан Қайназар жүргізді. Қазылар алқасының шешімімен бірінші орын Нартай Тілеуқұлға (Ақтөбе), екінші орын Данияр Алдабергеновке (Астана), үшінші орын Тоба Өтепбаевқа (Арқалық) бұйырды. Айтыс – қазақтың ауызекі әдеби-музыкалық өнерінің көлемді және аса құнды салаларының бірі. Киелі мұраны кеңінен насихаттап, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу, талантты жастарды өнердің кәусар бұлағынан нәр алғызып, шеберлігін шыңдауға ықпал етуді мақсат тұтқан айтыс осымен Қосшы қаласында үшінші жыл қатарынан өтті.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *