Қоғам тыныштығы тегеурінді тәртіпті талап етеді
            
            Редакция таңдауы
            
                 533
                533
            
Сейсенбі күні Қосшы қаласының әкімі Гайдар Қасенов аппарат кеңесін өткізді. Мұнда жергілікті полиция бөлімшесінің басшысы, полиция капитаны Қ.Қалиевтің, төтенше жағдай бастығы, азаматтық қорғау полковнигі Ш. Әзірбаевтің 2023 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша атқарған жұмыстарының есебі тыңдалды. Сондай-ақ басқа да ағымдық мәселелер талқыға салынды.

– Алкогольдік ішімдік ішу 23,8 %-ға төмендеді. Мастықтың әсерінен жасалатын қылмыстардың алдын алу үшін ішімдікке әуестенген адамдарды наркологиялық мекемеге қамау, Астана қаласындағы Уақытша бейімдеу және детоксикация орталығына (УБДО) оқшаулау шаралары жатқызылады. Сол себепті жыл басынан бері қылмыс істеуге бейім 3 адам наркологиялық мекемеге ұзақ мерзімге жатқызылып, үйсіз-күйсіз жүрген 5 адам УБДО-ға орналастырылды. Сондай-ақ алкогольге қарсы заңға сәйкес 440 бап бойынша 125 әкімшілік заң бұзушылық анықталды. Алкоголь өнімдерін заңсыз сатқаны үшін 200 бап бойынша 4 адам әкімшілік жазаға тартылды,– деді Қайрат Қалиев.
 Оның атуынша, алаяқтық әрекеттердің алдын алу мақсатында учаскелік инспекторлар өздеріне тиесілі аумақтарда азаматтармен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, тұрғындарға ақпараттық материалдар таратқан.
Бүгінге дейін жергілікті тұрғындармен 52 кездесу өткізілді. Оған жалпы саны 2035 адам қатысқан, оның ішінде мүлік иелері бірлестігінің 16 өкілі, атқарушы органдардың 5 өкілі болды.
«Еститін мемлекет» тұжырымдамасы аясында Қосшы қаласында «WhatsApp», «Telegram» арқылы 55 жалпы үйлік чаттар құрылды. Оған 1230 тұрғын қосылған. Полицейлер қаладағы ұйымдармен, жергілікті халықпен етене жұмыс істеуінің арқасында 80 әкімшілік құқық бұзушылықтың жолын кесіп, 21 адам УБДО-ға жөнелтілді. 214 тұрғынға құқықтық кеңес берілді.
Статистикалық деректерге сүйенсек, азаматтарды бәрінен бұрын ұрлық ісі қатты алаңдататыны байқалады. Қылмыстық құрылымның көрсеткішінде ол 65 %-ға жеткен. Өткен тоғыз айда 88 ұрлық жасалып, 18 пәтер тоналған. Былтырғымен салыстырғанда пәтер тонаушылық саны азайғанымен (2022 жыл – 27), өкінішке қарай оның жартысынан астамы ашылған жоқ. Ұрлықтың басым бөлігі жекеменшік үйлер секторында орын алады. Оның ішінде Қосшы қаласының 18,19, 20 шағын аудандарында және Тайтөбе ауылында жиі кездеседі.

– Жоғарыда айтып өткен іс-шаралар қалалық полиция бөлімінің толыққанды жұмыс істеуіне әлі де жеткіліксіз. Қазіргі күні қаланың жеке секторында және Тайтөбе ауылында тағы екі учаскелік полиция бөлімін ашу қажет,– дейді Полиция бөлімшесінің жетекшісі.
 Учаскелік полиция инспекторлары сауда орындары мен көшеден біреудің мүлкін тонаушы 21 адамды ұстады. Олардың көмегімен осы тектес 35 қылмыс ашылды.
Өңірде жалпы қылмыс саны азайғанымен бұрын сотталғандар тарапынан жасалатын заңсыз іс-әрекеттер21%-ға көбейе түскен. Олардың
66,6 %-ның қылмысы өтелмеген немесе әлі жазалау мерзімі өтпеген. Мұндай қылмыстар рецидив ретінде бағаланады. Яғни сот талқылауы кезінде рецидивтердің жазасы үстемелене түседі деген сөз.
Айта кетейік, Қосшыда арнайы есепке 77 адам алынған: 4-уі қамау орындарынан шартты түрде босап шыққан, біреуі «А» пункті, төртеуі ФПАН пункті бойынша әкімшілік бақылауда тұр. Сондай-ақ бұрын сотталған 22 адам, маскүнемдігі асқынған 31 адам, қорғау ұйғарымы шығарылған 15 адам, ерекше талап қойылған 3 адам, кәмілетке толмаған 9 жасөспірім арнайы есепке алынған.

– Бұрын сотталған жандардың қайтадан қылмыстық әрекетке бармауы үшін бақылау күшейтіліп, олар тұрғылықты жерінде аптасына 3 рет тексерілетін болды. Сондай-ақ күдікті адамдар пысықтау шаралары барысында бейсенбі-сенбі күндері қадағалауда болады. ІІБ есебінде тұрған адамдар тарапынан болуы ықтимал қылмыстардың алдын алу мақсатында рейд кезінде сот қаулысымен Н.Оразбаев 6 айға әкімшілік бақылауға алынды,– дейді Қайрат Қалиев.
 
–Бөлім қызметкерлері төтенше жағдай туындаған кезде азаматтардың білім деңгейін және олардың іс-қимыл дағдыларын арттыруға бағытталған профилактикалық іс-шараларды тұрақты жүргізіп келеді.Бұл шараларға ішкі істер органдарының қызметкерлері, еріктілер, сондай-ақ жастар ресурстық орталығы жұмылдырылғанын атап өткен жөн,– деп бастады сөзін Шахмардан Мұратұлы.

– Шомылу маусымында қала су айдындарында рейдтік және профилактикалық іс-шаралар жүргізілді. Нұра, Сарқырама өзендерінің, Есіл-Нұра каналының су айдындарының бойында 109 іс-шара өткізілді. Осы шара барысында 791 жадынамалар, буклеттер, парақшалар таратылды,– дейді Шахмардан Әзірбаев.

– Құтқарушы мамандығын дәріптеу, құтқару ісінің негіздерін меңгеру, сондай-ақ өмір қауіпсіздігі мәселелері бойынша қажетті білім деңгейін алу мақсатында оқушылар арасында «Жас құтқарушы» конкурсын ұйымдастырдық. Байқау қорытындысы бойынша бірінші орынды Рақымжан Қошқарбаев атындағы № 1 мектептің оқушылары иеленді, олар одан әрі облыстық байқауға қатысуға жіберілді, онда олар 19 команда арасында құрметті 2-жүлделі орынға ие болды. Осы бағыттағы жұмыс жалғасатын болады,– ТЖБ бастығы Ш. Әзірбаев.
 Жыл басынан бері шомылу маусымы, өрт қауіпсіздігі, азаматтық қорғаныс желісі бойынша Төтенше жағдайлар жөніндегі комиссияның 4 отырысы өткізілді. Ағымдағы жылы жүргізілген жұмыстарға қарамастан, қалада 26 (22) өрт орын алды, өсім 16%-ды құрады.
Өрт тұрғын үй секторында – 19 (12) (3 – көппәтерлі үйлер, 16 – жеке сектор) және автокөлікте – 7 (6) болды. 16 жеке тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды (1-17250 теңге сомасына айыппұл).
Өрт қауіпті кезеңде қоқыстарды, қалдықтарды және құрғақ шөптерді жағудың 26 фактісі орын алып, 5 жеке тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды (жалпы сомасы 172500 теңге).Қаланың су айдындарында 2 (0) адам суға батып кетті (1 - кәмелетке толмаған). Есепте 1550 бақыланатын нысан бар, оның ішінде жоғары тәуекел дәрежесі 66, орташа 11, төмен 1473.
Ағымдағы жылдың өткен кезеңінде бөлім қызметкерлері 7 (0) (6 мектеп,1 лагерь) тексеру жүргізді (5 – жоспарлы, 2 – жоспардан тыс). Тексеру барысында 46 өртке қарсы іс-шара анықталды және орындауға ұсынылды (44 жойылды). Енді алда қысқы кезеңге дайындық бойынша міндеттер тұр.Осыған байланысты, барлық азаматтық қорғау қызметтері көрсетілген кезеңде жүктелген міндеттердің сапалы орындалуын қамтамасыз етуі қажет.
Шахмардан Әзірбаевтың айтуынша, «Қыс-2024» Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы шеңберінде барлық азаматтық қорғау қызметтерінің дайындығын міндетті түрде тексеріліп тұрады. Сондай-ақ Шахмардан Әзірбаев елдi мекендердi әлеуметтiк-экономикалық дамытудың 2025 жылға дейінгі кешендi жоспарына сәйкес, азаматтық қорғаныс басқармасының қалалық қосалқы пунктін және халықты хабардар ету жүйесін құру міндеттемелері тұр.
Жиын соңында Қосшы қаласының әкімі Гайдар Қасенов басқа да өңірлік мәселелерді қарастырып, лауазымды тұлғаларға тисінше тапсырмалар берді.

Пікірлер (0)