Бүгін Премьер-министр Олжас Бектеновтің туған күні

Жаңалықтар
view 115
news

Фото: primeminister.kz

Бүгін Премьер-министр Олжас Абайұлы Бектеновтің туған күні. Ол 45 жасқа толды, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

Үкімет басшысы Алматы қаласында туған. Қазақ мемлекеттік заң академиясын тәмамдаған, заң ғылымдарының кандидаты.

Еңбек жолын 2002 жылы әділет органдарында бастады.

2005-2009 жылдары Премьер-министр Кеңсесінде, кейін Президент Әкімшілігінде әртүрлі лауазымдар атқарды.

2009-2012 жылдары Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитеті төрағасының орынбасары болды.

2012-2014 жылдары қаржы органдарында қызмет етті.

2015-2016 жылдары Астана қаласы Мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы, Астана қаласы әкімінің аппарат басшысы, Президент Хатшылығының меңгерушісі.

2016-2017 жылдары Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы департаментінің басшысы қызметін атқарды.

2017 жылы Ақмола облысы әкімінің орынбасары болған.

2018-2019 жылдары Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары, 2019-2022 жылдары Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары лауазымын атқарды.

2022-2023 жылдары Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы, 2023-2024 жылдары Президент Әкімшілігінің басшысы қызметін атқарған.

2024 жылдың ақпан айынан бастап қазіргі қызметінде.

ІІ дәрежелі «Айбын», ІІ дәрежелі «Даңқ» ордендерімен марапатталған.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *