Бүгін Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен Қазақстан Республикасының аумағында коронавирус инфекциясы таралуының алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті
Жаңалықтар
103
Комиссия жұмысына мемлекеттік органдардың, "Атамекен" ҰКП өкілдері және өңірлердің басшылары қатысты.
Елдегі эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтануын ескере отырып, Ведомствоаралық комиссия келесідей шешімдер қабылдады:
✔️ үй-жайларда міндетті маска кию талабын алып тастау;
✔️ медициналық мекемелерде (персонал, қызметкерлер, пациенттер, келушілер) медициналық маскаларды кию міндетін өз күшінде қалдыру;
✔️ адамдар көп жиналатын орындарда, қоғамдық көлікте, ұйымдасқан ұжымдарда маска киюді ұсынымдық сипатта қалдыру;
✔️ білім беру ұйымдарында оқытудың кабинеттік жүйесіне рұқсат беру.
Сондай-ақ ВАК шешімімен «Pfizer» препаратымен вакцинациялауға жататын тұлғалар контингенті кеңейтіледі, ол мынадай санаттармен толықтырылады:
?️ бастапқы вакцинациялаудан өтетін, осы препаратпен профилактикалық егуді алғысы келетін адамдар;
?️ түрлі себептермен шетелге шығу үшін қайталама екпе алушылар;
?️ шетелде алған вакцинация курсын аяқтау үшін екпе алушы тұлғалар;
?️ COVID-19 вирусына қарсы ревакцинация алушы барлық топтағы адамдар.
Отырыс соңында Е.Тоғжанов қолайлы эпидемиологиялық жағдайды қамтамасыз етудің басты шарттарының бірі азаматтарды уақтылы иммундау және ревакцинациялау болып табылатынын атап өтті. Ол әкімдіктерге коронавирус инфекциясына қарсы егу науқанын ерекше бақылауға алуды тапсырды және халық арасында сапалы түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажеттігін атап өтті.
⚡️COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық
Пікірлер (0)