Бурабайда не болып жатқанын қараңыздар. Ұят жағдай – Тоқаев
Фото: burabaypark.qr-pib.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке аймақ әкімдерімен бірге ірі қалалар мен облыс орталықтарына жақын жерлерде экосаябақтар құруды тапсырды, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі Ақордаға сілтеме жасап.
Мен бұған сенімдімін. Бұл стратегиялық сипаттағы міндет. Оның орындалуын Президент Әкімшілігі қадағалауда ұстайды. Дегенмен бізге тез шешім қабылдап, әрі сапалы жұмыс атқару қажет. Әрбір мәселеге пікір таластырудың қажеті жоқ.
Елорда тұрғындарының көбі демалыста немесе мереке күндері әдетте Бурабайға барады. Жол қашық. Оның үстіне табиғи парктің экожүйесіне айтарлықтай салмақ түседі.
Сондықтан Астана маңайында экосаябақтар ашатын уақыт жетті. Үкіметке аймақ әкімдерімен бірге ірі қалалар мен облыс орталықтарына жақын жерлерде экосаябақтар құруды тапсырамын. Тағы да қайталап айтамын, ол жерлерде де тазалық болуға тиіс. Бурабайда не болып жатқанын қараңыздар. Ұят жағдай. Ұлттық қорықты бүлдіріп жатқан бөгде ғаламшарлықтар емес, өзіміздің халқымыз ғой, – деді Президент.
Пікірлер (4)
Ия, біздің қазақ барды бағаламайды. Табиғаттың берген әсемдігі мен сұлулығын құлпыртудың орнына тозаның шығарады.
Бүкіл мая бақ жерін және маңайын түгелімен үкіметке қайтару, барлық сатылған жерлерді кім қашан қандай қаржыға сатылғанын жария етіп. Жеке меншікке ақырғы 25 жылда сатылған дем алу санаториялар мен жерлерді халық меншігіне қайтару.
Уақыт куттирмейтин мәселе.
Өте керемет орынды ұсыныс пікір!! Қазіргі кезеңде аялап өсіріп отырған ұл-қыздарымыз шын мәнісінде ұялы телефон арқылы мәңгүрттену әсеріне ұшырауда, оны ел болып қәзір қолға алмасақ уақыт өте келе орны толмас зардаптарға әкеліп соғады. Асхат бауырымыздың көтерген мәселесі өте өзекті және бәріміз ат үсті қарамай ел жұрт болып жұмыла қолдауымыз керек! Қазақ жұртының болашағы үшін шырылдап еңбек етіп жүрген азаматтарды қолдау әрбір қазақтың парызы болу керек!!!