Бурабай бөктерінде туризмге арналған семинар өтті
Редакция таңдауы
74
Ақмола облысындағы туристік нысандар жазғы маусымға дайындық үстінде. Биыл әр аймақтан келген туристерге өңірдегі 300-ден астам демалыс орыны қызмет көрсетеді. Сол себепті демалушылардың қауіпсіздігі мен сервис деңгейін жоғарылату маңызды.
Көрікті Бурабай бөктерінде бас қосқан бизнес өкілдері алдымен осы қос мәселені талқылады. Сондай-ақ өзара пікір алмасып, тәжірбиелерімен бөлісті. Туризмді түлетуге бағытталған кешенді жобалар да таныстырылды. Жалпы осы жылы осындай 5 семинар өткізу көзделген. Туризмнің түрленуіне Үкіметтің де қолдауы зор, дейді мамандар. Жалпы тәуелсіздік жылдарында өңірге келетін туристер саны жүз мыңнан бір милиионға дейін өскен. Бұл облыс бюджетінінің бүйірін толтырғаны жасырын емес. Осы жылы да жергілікті бизнес өкілдері жылдағы дәстүрден жаңылмай, қонақжайлық көрсетуге дайын.
Шынарбек Батырханов, облыстық туризм және демалыс индустриясы қауымдастығының төрағасы:
- Қазіргі кезде бір сөткеде 16 мыңнан астам туристі қабылдайтын мүмкіншілігіміз бар. Оның ішінде баяғы кезде біз 300 миллионға ғана қызмет көрсетсек, қазір туристік нысандардың қызметі 12 миллиардтан асады. Ол үлкен қаражат. Ол экономикаға үлкен пайда.
Оқи отырыңыз
Редакция таңдауы
Хасан Қасымбаев Сенат депутатының туысы - дереккөз
Редакция таңдауы
«Хуторские» тобы: атышулы Хасан Қасымбаев ұсталды
Пікірлер (0)