Бұрынғы бас көлік прокуроры Германиядан Қазақстанға экстрадицияланады
Фото: ашық дереккөз
Бас прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев Парламент Сенатында болған брифингте бұрынғы Бас көлік прокуроры Мақсат Дүйсенов Германиядан Қазақстанға экстрадицияланатынын айтты, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.
Бас прокуратура не дейді
Бұрынғы шенеунікке 29 тамызда іздеу жарияланған еді. Қыркүйекте оны Интерпол желісі арқылы халықаралық ынтымақтастық аясында Германия құқық қорғау органдары ұстаған.
Бас прокурордың орынбасары кейбір БАҚ-та "Дүйсенов саяси баспана сұрауы мүмкін" деген ақпаратты жоққа шығарды.
Мақсат Дүйсенов Германияда ұсталды, қазір экстрадициялық қамауда отыр. БАҚ-та жазылған ақпарат шындыққа жанаспайды. Экстрадиция процесі басталды. Германия тарапынан бас тарту туралы ақпарат түскен жоқ. Яғни біз оны экстрадициялау бойынша жұмыс істеп жатырмыз, - деді Ғалымжан Қойгелдиев.
Мақсат Дүйсенов кім
Мақсат Дүйсенов 2018 жылдың тамызынан 2019 жылдың сәуіріне дейін Қазақстанның Бас көлік прокуроры қызметін атқарды. Бұған дейін ол Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының көмекшісі, сондай-ақ ҚР Қауіпсіздік кеңесі хатшылығының сектор меңгерушісі, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ АҚ Орталықтандырылған қауіпсіздік қызметінің басшысы және басқа да лауазымды қызметтерді атқарды.
2012 жылдың ақпанында ол Алматы қаласы бойынша Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарымен күрес департаментінің басшысы қызметінен қызметкерінен пара алғаны үшін босатылған.
Пікірлер (0)