Бұрынғы сот орындаушы алаяқтық жолмен 6 млн теңге аударып алған

Жаңалықтар
view 92
news

Фотоскрет: Ашық дереккөзден

Қостанай облысында бұрынғы жеке сот орындаушысына қатысты қылмыстық іс тергеліп жатыр, деп хабарлайды janabastau.kz.

Ақпаратты 15 наурызда Қостанай облысының прокуратурасы таратты.

«Бұрынғы жеке сот орындаушысы оны лицензиясынан айырғаннан кейін өндіріп алушыларға берудің орнына жеке шотына 6 млн теңгеден астам ақша аударғаны анықталды», деп хабарлады Қостанай облысының прокуратурасы.

Бұл ақша қаражаттары – борышкерлердің әкімшілік айыппұлдар мен басқа да қарыздар бойынша жұмыс орнынан ұсталған сомалары.

Осы факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *