Чемпиондар лигасы: «Қайраттың» ойындары Астанада өтеді

Жаңалықтар
view 25
news

Фото: «Қайрат» ФК

«Қайрат» футбол клубы УЕФА-мен бірлесе отырып, УЕФА Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінде «Олимпиакос» (9 желтоқсан), «Брюгге» (20 қаңтар) командаларына қарсы өз алаңындағы матчтарын «Астана Арена» стадионына көшіру туралы шешім қабылдады,  деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

Алматыдағы Орталық стадионда матчты қыста өткізу тәжірибесі көрсеткендей, төмен температура, шатырдың жоқтығы, қар жауу қаупі жанкүйерлер үшін қолайсыздық туғызып, алаң қызметін қиындатады. Көрермендерге жайлы әрі қауіпсіз жағдай жасау үшін матч жабық стадионда өтеді.

Билет бағасы 15 000 – 50 000 теңге аралығында болады. 28 қарашадан бастап Qairat SuperApp және Freedom SuperApp мобильді қосымшаларында сатыла бастайды. Бір адамға екі билеттен артық рәсімдеуге болмайды.

Ticketon мамандары «Қайрат» ФК-ның өз алаңындағы матчтарына алған абонемент иелеріне жалпы сатылым басталғанға дейін хабарласып, билет рәсімдеу, басымдық арқылы сатып алу тәртібі туралы толық ақпарат береді.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *