ChatGPT қырғызша сұрасаң, қазақша сөйлейді – қырғыздар дабыл қағып жатыр
Фото: ашық дереккөз
Қырғыздар 15 жылдан соң қазақ тілінде сөйлеп, жаза бастауымыз мүмкін деп алаңдап отыр. Бұл туралы уикипедияшы Чоробек Сааданбеков айтты, деп хабарлайды janabastau.kz.
Оның сөзіне қарағанда, ChatGPT-ден бір нәрсені қырғыз тілінде сұрағанда, жүйе кейде жауаптың арасына қазақша сөздерді қосып жібереді. Бұған себеп — ChatGPT-тің қорында қазақ тіліндегі мәтін мен сөздердің көлемі әлдеқайда көп екен.
– Біздің тілден таппай қалғанда қазақшадан алады. (...) Интернетте қырғыз тілінің дамуына көп көңіл бөлмесек, 15 жылдан соң қазақша сөйлеп қаламыз, қазақша жазып қаламыз. Оны өзіміз де сезбей қаламыз. Біз мына жақтан қанша концепция жазғанымызбен, ChatGPT қырғызшаның орнына қазақша мәлімет бере бастаса, ақырында сіңіп кетеді, көп кісі айырмашылығын байқамайды, – деді ол.
Пікірлер (0)