Damumed ақпараттық жүйесіне заңсыз қол жеткізген екі қазақстандыққа 1,1 млн теңге айыппұл салынды

Жаңалықтар
view 172
news

ҰҚК қызметкерлері. Фото: ҰҚК баспасөз қызметі

Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараттық жүйесін бұзып кіргені үшін екі қазақстандық сотталды. Қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша кінәлі деп танылғандарға 300 АЕК (1 млн 179 мың теңге) мөлшерінде айыппұл салынды, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ҰҚК ресми сайтына сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, прокуратураның үйлестіруімен Ұлттық қауіпсіздік комитеті өкілдері Жетісу облысының екі тұрғынына қатысты Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараттық жүйелеріне заңсыз қол жеткізу фактісі бойынша қылмыстық істі тергеуді аяқтады. Биыл 30 қаңтарда Талдықорған қаласы сотының шешімімен олар Қылмыстық кодекстің 205-бабының 2-бөлігінде және 208-бабының 2-бөлігінде көзделген қылмыстарды жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 300 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынды. "Тергеу барысында медицина қызметкерлерінің есептік жазбаларын заңсыз иемдену арқылы олар Денсаулық сақтау министрлігінің "Тіркелген халық тізілімі" және Damumed ақпараттық жүйелеріне заңсыз қол жеткізгені анықталды", - делінген хабарламада. 

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *