Ақмола облысында «Жол бер» акциясы өтуде
Фотосурет ашық дереккөзден
Аталған акцияның мақсаты көк және қызыл түсті жыпылықтайтын маяктар мен арнайы дыбыстық сигнал қосылған арнайы автокөлік құралдарына жол бермейтін жүргізушілерді анықтау, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Құтқарушылар полиция департаментінің қызметкерлерімен бірлесіп Ақмола облысының барлық қалалары мен аудандарында «Жол бер» акциясын өткізуде.
Өткен жылы ҚР ӘҚБтК-нің 598-бабы бойынша жедел және арнайы қызметтердің көлік құралына қозғалыста артықшылық бермеу, сол сияқты сыртқы беттерге арнайы түсті-графикалық сызбалары, бір мезгілде жарқылдауық маяк пен арнайы дыбыстық сигнал қосылған жазулары мен белгілері бар 5 автокөлік жүргізушісі тартылды.
Оқи отырыңыз


Пікірлер (0)