Дана Нұржігіт неліктен Умраға барудан бас тартқанын түсіндірді (ВИДЕО)

Жаңалықтар
view 687
news

Сурет: Ашық дереккөзден

Бұл туралы тележүргізуші Нұрлан имаммен болған сұхбат кезінде айтып қалды, деп хабарлайды janabastau.kz Мadeniportal.kz-ке сілтеп. 

«Сізге сертификат сыйлағымыз келеді. Умраға барып келіңіз. Мен үшін бұл күтпеген жаңалық болды. Мен намазға жығылған адам емеспін. Анам жиырма жыл намаз оқыған адам. Бірақ менің сенімім жүрегімде. Мен үшін тосын дүние болғандықтан «Қазір он минуттан соң қайта хабарласамын» деп телефонды қойдым да, уақыт өткен соң қайта қоңырау соқтым. «Мен бара алмаймын. Рахмет!» дедім. Олар себебін сұрады. Мен дайын еместігімді айттым. Өйткені менің түсінігімде қажылықты маған ешкім сыйламауы керек. Менің түсінігімде солай. Себебі мен өзім қаржы тауып, баратын адамдармен келісіп, жолға шығудың, құжат әзірлеудің қиыншылығын өзім сезінуім тиіс деп ойлаймын. Бірақ біреудің сыйын қабылдап, кейін оны жарнамалап, эфирден көрсетуден бас тарттым», - деді ол.

 

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *