"Дәрігерді аузынан ұрған": Сәрінжіпов сотталып кетті

Жаңалықтар
view 200
news

Фото: «Наша Газета»

Қостанай облысында дәрігерді соққыға жығып, жансақтау бөліміне түсірген Абылайхан Сәрінжіповке қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ.

«Алау» басылымының жазуынша, оған ең төменгі қауіпсіздік деңгейіндегі түзеу мекемесінде алты айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған.

Сол сияқты ол моральдық зиян үшін екі миллион теңге және адвокат қызметі үшін 500 мың теңге өтеуі тиіс.

Тергеу барысында белгілі болғандай, оқиға болған күні Сәрінжіпов ауруханаға бүйрек ауруына байланысты жеткізілген. Біраз уақыт күткен соң оны дәрігер Кистанов қабылдаған. Алайда қабылдау кезінде екеуінің арасында сөзталас туындап, науқас дәрігердің аузынан ұрған. Соққыдан Кистанов жерге құлап, басымен қабырғаға соғылған. Салдарынан дәрігер ауыр халде жансақтау бөліміне түскен болатын.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *