Дастан Сәтбаев – ЧЛ тарихында гол соққан ең жас футболшылардың үштігінде
Фото: d.satpayev/instagram
Қазақстан құрамасы мен «Қайрат» клубының шабуылшысы Дастан Сәтбаев Чемпиондар лигасында гол соққан ең жас футболшылардың үздік үштігіне енді, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.
17 жастағы ойыншы сырт алаңда өткен Чемпиондар лигасының бесінші турында «Копенгаген» командасына қарсы матчтың 81-минутында гол соқты. Гол соққан сәтте Сатбаевтың жасы 17 жас 110 күн болды.
Турнирдің рекорды испаниялық Ансу Фатиге тиесілі. Ол 2019 жылы «Барселона» сапында жүріп, «Интер» қақпасына 17 жас 40 күнінде гол соққан. Екінші орында – «Барселонаның» жас жұлдызы Ламин Ямаль (17 жас 68 күн, 2024 жыл, «Монакомен» ойын). Осыған дейін үздік үштікті «Антверпен» шабуылшысы Джордж Иленихена түйіндеп тұрған еді (17 жас 119 күн, «Барселонаға» қарсы матч). Міне, енді Дастан Сәтбаев оның нәтижесін жаңартты.
Айта кетейік, кеше «Қайрат» пен «Копенгаген» арасындағы матч 2:3 есебімен аяқталып, даниялықтар жеңіске жетті.
Пікірлер (0)