Депутат Қазыбек Иса «Елбасы» атауын барлық заңнан алып тастауды талап етті

Жаңалықтар
view 476
news

Сурет: Ашық дереккөзден

Парламент мәжілісінің депутаты Қазыбек Иса заң жобаларынан «Елбасы» атауын толық алып тастауды талап етті деп хабарлайды janabastau.kz ақпарат агенттігі Ertenmediа.kz порталына сілтеп. 

Бүгін мәжілістің жалпы отырысында Қазақстан Конституциясының 30 жылдығына орай рақымшылық жасау туралы заң жобасы қаралды.

Осы құжатты талқылау кезінде депутат Иса заңда «Тұңғыш Президент – Елбасы» атауының әлі де сақталып тұрғанына наразылық білдірді.

Оның айтуынша, «Елбасы» мәртебесі бұған дейін арнайы заңмен реттелген. Бірақ 2023 жылы 11 қаңтарда Парламент «Тұңғыш Президент – Елбасы туралы» заңның күшін жойған болатын.

Сол себепті, барлық заңдардан «Елбасы» сөзі толық алынып, тек «экс-президент» деген термин қолданылуы керек.

«Заң бойынша кейін қабылданған норма бұрынғы заңның күшін жояды. Сондықтан біз бүгінгі талқылап отырған рақымшылық заңынан және жалпы заңнамадағы барлық құжаттардан «Елбасы» атауын толықтай алып тастауға тиіспіз», – деді депутат Қазыбек Иса.

Депутаттың көтерген мәселесіне Мәжілістің заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі, депутат Абзал Құспан жауап берді. Оның айтуынша, бұл сұрақ заңнамалық тұрғыда мұқият зерделеніп, алдағы уақытта тиісті шешім қабылдануы қажет.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *