"Орыс тілі жоқ". ЛРТ вагондарындағы жазу тек қазақ және ағылшын тілінде болмақ

Жаңалықтар
view 393
news

Сурет: Қалдыбек Сабыржан

Астанадағы жеңіл рельсті көлік (LRT) жүйесіне арналған алғашқы вагондар орнатыла бастады. Қазіргі уақытта вагондардың сыртқы және ішкі безендірілуі тек қазақ және ағылшын тілдерінде ұсынылған. Бұл туралы әлеуметтік желі қолданушысы Қалдыбек Сабыржан өзінің парақшасында жариялап, вагон ішінен түсірілген суреттермен бөлісті. Бұл туралы Janabastau.kz хабарлайды. 

LRT құрамдарын орнату процесі тестілеу кезеңіне дейінгі дайындық жұмыстары аясында жүргізілуде. 2025 жылғы 11 маусымда №101 станциясына алғашқы пойыз жеткізілді.

Аталған жоба елордадағы заманауи қалалық көлік инфрақұрылымын дамытуға, қала тұрғындарының қозғалыс қауіпсіздігі мен жайлылығын арттыруға бағытталған. Бұл жөнінде "City Transportation Systems" компаниясының басқарма төрағасы Асылбек Дүйсебаев мәлімдеді.

— Алғашқы құрамды көтеру – жобаның іске асырылуындағы маңызды кезеңдердің бірі. Біз белгіленген кестеге сәйкес жұмыс істеудеміз. Биылғы күзде LRT жүйесін сынақтан өткізуді бастаймыз, — деді ол.

Жеңіл рельсті көліктің алғашқы екі құрамы Қытайдан арнайы жабдықталған автотрайлерлер арқылы жеткізілді. Пойыздардың нақты сипаттамасы мен сыртқы келбеті жөнінде Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі қосымша ақпарат таратты.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *