Депутаттар жаңа құрылысты көзден кешірді
Редакция таңдауы
179
Қосшы қаласы жаңа тыныс алып, үздіксіз даму жолына түскен Моноқала. Жаңа қаланың жоспарына кіретін жұмыстар мен ауқымды шаралар да көп болатыны анық. Қазіргі уақытта күн санап дамып жатқан қаланың тыныс тіршілігін бақылау құзырлы органдар үшін әрине дұрыс шешеім. 2023 жылы маусымның 13 күні Ақмола облыстық маслихатының депутаттары, әлеуметтік мәселелер бойынша тұрақты комиссияның мүшелері А. Төребаев, А. Балташева, А. Аяпбергенова және Қосшы қаласы маслихатының төрағасы Ә. Қуатбеков, мәслихат депутаты Р. Айтжанов, облыстық және қалалық мәслихат аппаратының қызметкерлері Қосшыдағы №1 қалалық емханада және «Лесная поляна» ТК аумағында салынып жатқан мектептің құрылыс жұмыстарымен танысты.
Қазіргі уақытта жаңадан ашылған емханадағы түйткілді мәселелер біртіндеп реттеліп жатыр. Дегенмен, кадр мәселесін толық шешу, мекемені медициналық-техникалық құрал жабдықтармен қамтамасыз етуді жалғастыру сияқты мәселелер әлі де бар.
Жаңадан салынған құрылыстарға қажеттіліктің көп болатынын ескерсек, Қосшыдағы «Лесная поляна» ТК аумағында салынып жатқан мектептің құрылыс жұмыстары құзырлы органдар назарынан тыс қалмауы керек. Осы түйіткілді көзде ұстаған Ақмола облыстық маслихатының депутаттары, әлеуметтік мәселелер бойынша тұрақты комиссияның мүшелері және Қосшы қалалық мәслихатының қызметкерлері атаулы кешенді көзден кешірді.
Сонымен қатар депутаттар құрылыс жұмыстары жүріп жатқан жаңа мектепте болып, мердігер компания өкілдерінің жұмысымен танысты. Облыстық және қалалық мәслихат депутаттары білім ордасындағы құрылыс жұмыстрының уақытында, әрі сапалы түрде аяқталуын назарда ұстайтынын жеткізді.
Ендігі кезекте салыну үстіндегі мектеп құрылысы мен қолданысқа берілген емхананың халық үшін сапалы қызмет көрсетуін тілейміз.
Тілеубек БАТЫС
Оқи отырыңыз
Редакция таңдауы
Хасан Қасымбаев Сенат депутатының туысы - дереккөз
Редакция таңдауы
«Хуторские» тобы: атышулы Хасан Қасымбаев ұсталды
Пікірлер (0)