«Дертім әлі басылар емес»: Бағдат Әшімова жан сырын ақтарды
Жаңалықтар
98
Фотосурет: әлеуметтік желіден
Қазақстанның Халық әртісі, аңыз актер Асанәлі Әшімовтің жары әлеуметтік желідегі парақшасында жүрекжарды жазба жариялап, марқұмды еске алды, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.
Оның айтуынша, қырық күн өтсе де, жүректегі жара әлі жазылмаған.
«Қырық күн, қырық түн асқанымен, жанымдағы қайғы сейілмеді. Уақыт емші дейді, бірақ дертім әлі басылар емес», – деп жазды ол.
Жазбада марқұмның асқақ болмысы, батыр мінезі мен елге қадірлі тұлғасы ерекше ілтипатпен суреттелген.
Айта кетейік, Асанәлі Әшімов – қазақ киносы мен театрының дамуына өлшеусіз үлес қосқан біртуар өнер иесі.
Пікірлер (0)