«Ұлы Даланың тарихи мәні Конституция жобасында» тақырыбында жастар диалог алаңы өтті
Фотосурет: дереккөз
Кеше, «Ұлы Даланың тарихи мәні Конституция жобасында» тақырыбында жастар диалог алаңы өтті. Кездесу барысында Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасы талқыланды, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.
Кездесудің басты мақсаты — жастарға негізгі конституциялық өзгерістерді түсіндіру, олардың мәні мен маңызын ашу, сондай-ақ жастардың азаматтық белсенділігін арттыру болды. Кездесуге жастар, жас ұстаздар, мәдениет және тіл саласының мамандары қатысты.

Талқылау барысында Конституцияға енгізілетін өзгерістердің қоғам дамуына, заң үстемдігіне және жастардың құқықтары мен мүмкіндіктеріне әсері кеңінен сөз болды. Жастар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, ұсыныстарын айтып, тақырып аясында өз ой-пікірлерін еркін білдірді.

Мұндай ашық форматтағы кездесулер жастардың құқықтық сауаттылығын арттырып қана қоймай, ел болашағына бейжай қарамайтын, саналы әрі белсенді ұрпақ қалыптастыруға ықпал етеді.
Пікірлер (0)