Димаштың жаңа әні Жапония радиоларында шырқалады
Редакция таңдауы
123
Бүгін танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің жаңа әні Жапонияның радиоларында шырқалады, деп хабарлайды janabastau.kz Димаш Құдайбергеннің ресми сайтына сілтеме жасап.
Жаздың бірінші күні жапон радиосының толқынында More Music бағдарламасының World Music Scene бөлімінде қазақ эстрадасының жұлдызы Димаш Құдайбергеннің «Өмір» әні тыңдарманға ұсынылды.
Димаштың парақшасында жазылғандай, жапондық радиобағдарламаның жүргізушісі Като Кадзужи қазақстандық өнерпаздың жаңа композициясын естіп, өз әсерімен бөліскен.
«Осы әнді тыңдай отырып, Димаштың алға, тек алға ұмтылатын күшті ерік-жігерін сезінемін. «Өмір» әнін бір рет тыңдаған соң, қайта-қайта тыңдағың келетіні сөзсіз!», дейді жүргізуші.
Айта кетейік, жапон диджейлері сондай-ақ Ерке Есмаханның «Батыр Мәншүк», HammAli & Navai, Jah Khalib «Боже, как завидую» әндерін эфирге шығарады.
Оқи отырыңыз
Редакция таңдауы
Хасан Қасымбаев Сенат депутатының туысы - дереккөз
Редакция таңдауы
«Хуторские» тобы: атышулы Хасан Қасымбаев ұсталды
Пікірлер (0)