Доллар бағамы 3,5 теңгеге қымбаттады
Фото: pixabay
Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы қымбаттады, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.
Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 3,69 теңгеге қымбаттап, 508,30 теңге болды. Ұлттық банктің ресми бағамы – 504,49 теңге.
Kurs.kz мәліметіне сәйкес, Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 511,03 теңгеден сатып алынады, 513,12 теңгеден сатылады. Еуро 592,07 – 597,78 теңге, ал рубль 6,50 – 6,62 теңге аралығында саудаланады. Ал юань 71,66 теңгеден сатып алынады, 74,47 теңгеден сатылады.
Елорданың ақша айырбастау орындарында:
– доллар 508,83 теңгеден сатып алынады, 515,83 теңгеден сатылады;
– еуро: сатып алу - 588,68 теңге, сату - 598,68 теңге;
– рубль: сатып алу - 6,44 теңге, сату - 6,60 теңге.
– юань: сатып алу - 72,45 теңге, сату - 76,74 теңге.
Пікірлер (0)