«Еркектің жыныс мүшесін ұстасаң, сауап жинайсың»: Медресе ұстазы 18 жастағы қызға ұсыныс жасаған (ВИДЕО)

Жаңалықтар
view 195
news

Фото: видеодан скрин

TikTok желісінде хиджабын шешіп, дінге қатысты көзқарасын ашық білдірген Фатима Байбақтының мәлімдемесі қоғамда қызу талқынып жатыр. 9 баланың анасы «Майын тамызып» подкастында медресе қабырғасында болған сұмдық жайт туралы баяндап, ұстазы азғындыққа итермелейтін ұсыныс жасағанын айтты, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

70-тегі қарттың ұсынысы

Оның айтуына қарағанда, өзі ұзақ жылдар бойы психологиялық және физикалық қысым көрген ортада өмір сүрген. Алайда оның дінге деген көзқарасының өзгеруіне жастайынан көрген әділетсіздіктер себеп болған көрінеді. Оқиға оның небәрі 18 жасында болған. Медреседе дәріс беретін, ел сыйлайтын жасы келген ұстаздың әрекеті жас қыздың сенімін түбегейлі шайқалтқан.

Ол кезде 70-тен асқан қарт ұстаз еді. Бір күні мені бөлмесіне шақырып алды. Мен оны ұстаз ретінде қатты сыйлайтынмын. Бардым. Сөйлесіп отырғанда маған: «Сен қандай жолмен сауап жинауға болатынын білесің бе?» деп сұрақ қойды, — дейді Фатима Байбақты.

Кейіннен ұстаздың айтқан жауабы жас қызды есеңгіретіп тастаған. Ақсақал әйел адамға еркектің жыныс мүшесін ұстау арқылы «мол сауапқа» кенелуге болатынын айтып, түрлі сандарды мысалға келтірген.

«Діндегі адамдардың бәрі періште емес»

Мен қатты таңғалдым. Сол сәтте менің көзім ашылды. Діни ортадағы адамдардың бәрі бірдей періште емес екенін түсіндім, — деп еске алады блогер.

Фатима Байбақты тек діни көзқарасымен ғана емес, жеке өміріндегі өзгерістермен дe бөлісті. Ол жылдар бойы бақытсыз некеде болып, жолдасынан қорлық көргенін жасырмады. Биыл ол түбегейлі шешім қабылдап, ажырасқан.

Қазіргі таңда жалғызбасты ана 9 баласымен бір бөлмелі пәтерді жалдап тұрады. Қиындықтарға қарамастан, ол 30 келі салмақ тастап, өмірін жаңа парақтан бастауға күш салып жүр. Желі қолданушыларының бірі оған қолдау білдірсе, енді бірі сынап жатыр.

@halyk_partiyasy

Майын тамызып подкастында Фатиманың күрес пен өзгеріс жолы. Жіберіп алмаңыз.

♬ оригинальный звук - Халық партиясы

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *