Доллар бағамы қайта көтерілді

Жаңалықтар
view 105
news

Фото: freepik.com

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы қымбаттады, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 0,37 теңгеге қымбаттап, 518,66 теңге болды. Ұлттық банктің ресми бағамы - 518,19 теңге.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: Доллар 200-250 теңгеден аспауы керек – Ұлттық банктің тұңғыш төрағасы

Kurs.kz мәліметіне сәйкес, Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 519,49 теңгеден сатып алынады, 520,50 теңгеден сатылады. Еуро 598,16 – 602,76 теңге, ал рубль 6,44 – 6,56 теңге аралығында саудаланады. Ал юань 73,75 теңгеден сатып алынады, 76,27 теңгеден сатылады.

Елорданың ақша айырбастау орындарында:

- доллар 519,25 теңгеден сатып алынады, 522,84 теңгеден сатылады;

- еуро: сатып алу - 597,66 теңге, сату - 604,37 теңге;

- рубль: сатып алу - 6,44 теңге, сату - 6,55 теңге.

- юань: сатып алу - 74,99 теңге, сату - 78,72 теңге.

Еске салсақ, кеше Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы арзандаған болатын.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *