«Дұшпанды да құшағыма қысып келемін...»: Қайрат Нұртас жантебірентер жазба жариялады

Жаңалықтар
view 307
news

Сурет: Ашық дереккөзден

Әнші Қайрат Нұртас 36 жасқа толған туған күніне орай жазба жариялады, – деп жазды JANABASTAU.KZ.

 Әнші әлеуметтік желіге отбасымен түскен суретін жариялап, бүгінгі күніне алғыс білдірген.

"Жер ортасы жасқа келдім! Бағындырған өз белесім, ала алмаған өз қамалым, шыққан шыңым, жүріп келе жатқан өз жолым бар. Бәріне де ризамын! Айналам "аға" деп ақыл сұрайтын жасқа келдім! Шамамның жеткенінше жүрегімді ашып, көмек қолын созып, досты да, дұшпанды да бауырымдай құшағыма қысып келемін. Төрт құбылам түгел, керегем кең, терезем тең отбасым деген тыныштықтамын. Ғажап күн. Бұл күн – мен туған күн!" - деп жазды Қайрат Нұртас. 

Желі қолданушылары әншіні туған күнімен құттықтап, ақ тілегін жазды. 

"Жарасымды жұп, тілден көзден сақтасын!", "Керемет сөздер, ойланып қалдым, Алла денсаулық берсін! Әлі талай биіктен көрін!", "Бақыттысың Қайратжан! Сол бағыңды бағалай біл! Тіл-көзден аман болыңдар!", "Керемет, көз тимесін. Жүректен шыққан сөздерің жүрекке жетті. Алла өмір берсін, бақыттарың баянды болсын. Тек алға", - деп жазды желі қолданушылары.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *