еGov көрсететін қызмет саны артты

Жаңалықтар
view 72
news

Фото: «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ

eGov.kz порталында білім туралы құжаттарды цифрландыруға арналған қызмет қолжетімді болды, деп хабарлайды janabastau.kz «Ұлттық ақпараттық технологиялар» орталығына сілтеме жасап.

«Енді азаматтар тек қате деректерді түзетіп қана қоймай, құжаттың цифрлық нұсқасын жасауға өтініш бере алады. Қызмет бұрын алынған дипломның немесе аттестаттың сканерленген көшірмесі болған жағдайда ғана қолжетімді», – делінген хабарламада.

Қызметті пайдалану үшін:

  • eGov.kz порталында авторизациядан өтіп, «Азаматтарға» - «Білім» бөлімін таңдау керек;
  • «Білім туралы құжаттардағы мәліметтерді өзектендіру (түзету)» қызметін таңдап, «Онлайн сұрау» батырмасын басу қажет;
  • «Білім туралы құжаттар туралы ақпаратты цифрландыру» қызметін таңдап, білім туралы құжаттың түрін көрсетіп, құжаттың сканерленген көшірмесін тіркеу керек;
  • қызметтің нәтижесі пайдаланушының жеке кабинетінде «Қызметтерді алу тарихы» бөлімінде қолжетімді болады.

Құжаттарды цифрландыру кезең-кезеңмен жүзеге асырылады. Қазіргі уақытта 1980 жылдан 2023 жылға дейін берілген орта білім, техникалық және кәсіптік білім туралы құжаттар цифрландырылады. Қызмет көрсету уақыты – 5 жұмыс күні.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *