Шұрық тесік жол үшін шағымданған тұрғын әкімдіктен 700 мыңға жуық ақша өндіріп алды
MARTNEWS.KZ коллажы / Дана Асылбек
Орал қаласының № 2 сотында А. деген тұрғынның талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды, деп хабарлады janabastau.kz SMARTNEWS.KZ-ке сілтеме жасап.
Аталған азамат Орал қаласы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімінен жол-көлік оқиғасы салдарынан келтірілген материалдық шығынды өндіру туралы талап еткен.
Талапкер 2024 жылдың наурыз айында Дәулеткерей мен М.Лермонтов көшелерінің қиылысында жолды күтіп ұстамау салдарынан пайда болған терең шұңқырға автокөлігімен түсіп кеткен. Шұңқыр еріген қар суынан көрінбеген.
Аталған дерек бойынша жауапкердің кінәсі әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотының қаулысымен айқындалып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Талапкер жауапкердің кінәсі анықталғанын алға тартып, соттан автокөлікті жөңдеуге жұмсалған 605 080 теңге шығын мен залалды бағалауға кеткен 60 мың теңгені өндіруді сұрады.
- Сот іс материалдарын зерттеп, жауапкердің кінәсі әкімшілік соттың қаулысымен толықтай анықталғандықтан, талапкердің пайдасына аталған бөлімнен 605 080 теңге материалдық залал мен 60 мың теңге бағалау сомасын өндірді. Шешім заңды күшіне енді, - деп хабарлады ведомстводан.
Пікірлер (0)