Әкім Тайтөбе ауылындағы бірқатар нысандарды аралады

Жаңалықтар
view 52
news

Қосшы қаласының әкімі Гайдар Қасенов Тайтөбе ауылындағы бірқатар нысандарға барып, жұмысымен танысты. Тайтөбе ауылының әкімдігі осы уақытқа дейін Қосшы қаласында отырған болатын. Жергілікті билік «халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидаты бойынша ұйымдастырылған. «Сервистік әкімдік» – мемлекеттік органдардың openspace форматындағы жұмысының тиімді үйлесіміне және азаматтар үшін қолайлы жағдайлар жасауға негізделген қызметтер көрсетудің жоғары сапасы болып саналады. Айта кету керек, әкімдік ашу үшін жеке кәсіпкерден қала бюджеті есебінен бос ғимарат жалға алынып отыр. Ақпан айында ауылда мәдениет үйі мен кітапхана ашылған болатын. Сондай-ақ бұл ғимаратта учаскелік полиция инспекторы мен ветеринария маманы да орналасты. Бұдан бөлек, қала әкімі ауылдағы фельдшерлік пункт жұмысымен де танысып шықты. Көктемгі су тасқыны қаупінің алдын алу мақсатында дамбаға да арнайы барып, ондағы инфрақұрылыммен танысты. Күн жылынған кезде орын алуы мүмкін барлық қауіп-қатердің алдын алу үшін жауапты мамандарға тиісті тапсырмалар берілді.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *